Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының колопроктология және интервенциялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нуспекова Динара Тулендиевна тоқ ішек хирургиясы бойынша халықаралық конференцияға қатысты.

Динара Тулендиевна 2023 жылы 15-17 қыркүйекте Мәскеу қаласында өткен Ресей колоректальды хирургия мектебінің XIII халықаралық конференциясының қатысушысы болды.
1300-ден астам қатысушыларын қамтыған конференция әйгілі халықаралық дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары, тәжірибесі мол дәрігерлер сөз сөйледі. Бұл конференцияға Түркия, Италия, Сингапур, Қытай, Жапония, Австралия және т.б. сияқты әлемнің әр түкпірінен арнайы баяндамаларымен келген 82 қатысушы.
Конференцияда FiberLase VT лазерлік құрылғысы алғаш рет таныстырылды. Спикерлер сонымен қатар проктологиялық ауруларды емдеудің жаңа шағын инвазивті әдістері туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Динара Тулендиевна көптеген пайдалы ақпарат алып, медициналық тәжірибенің мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ науқастарды одан да қауіпсіз емдеуге мүмкіндік беретін жаңартылған білім қорымен оралды.