Алматылық дәрігерлер мидағы артерияны бітеп тастаған қан ұйығышын сәтті алып тастап, қарт әйелді аман алып қалды.

Алматылық дәрігерлер мидағы артерияны бітеп тастаған қан ұйығышын сәтті алып тастап, қарт әйелді аман алып қалды.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына 1950 жылғы науқас инсульт клиникасымен, терең оң жақты гемипарезбен шұғыл жеткізілді.
Тексеру кезінде КТ және МРТ-дан кейін сол жақ базальды ганглияның проекциясында жедел инсульт анықталды.
Инсультологтар мен нейрохирургтар бірге науқасты бірден шұғыл селективті церебральды ангиография отасына дайындады.
Науқаста M1 сегментінен бастап ортаңғы ми артериясының окклюзиясы анықталды.
Тромб мидағы қан ағынын бөгеп тастаған еді.
Әр секунд санаулы болды. Аурухана дәрігерлері жедел тромбоэкстракцияға кірісті. Отаны нейрохирург Максим Аргумбаев сәтті жүзеге асырды. Ота нәтижесінде тромб толығымен жойылды, мидың қанмен қамтамасыз етілуі толығымен қалпына келтірілді.
Нейрохирург мамандардың өздері атап өткендей, жедел инсульт кезінде мұндай уақтылы көмек пациенттерді мүгедектіктен, тіпті кейбір жағдайда өлімнен құтқарып қалады.