Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында «Әлемнің жарығы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Жиынды медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, аурухана директоры Алмас Джувашев құттықтау сөзбен ашты:
– Құрметті арулар! Сіздерді келе жатқан 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктем Сіздерге керемет шабыт, қайталанбас жарқын әсер, көптеген тың идея әкелсін! Халық денсаулығының нығаюына қосып жатқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз. Бүгінде әйел қауымының қоғамда, отбасында алар орны ерекше, әрдайым солай болып қалары да сөзсіз.
Мерекелік шара барысында Алмаз Джувашев нәзік жанды қызметкерлерге алғыс хат табыс етті.
Мерекеге орай Алматы қаласы Жетісу, Алатау, Алмалы, Медеу, Әуезов және Бостандық аудандары әкімдерінің алғыс хатымен 50 қызметкер марапатталса, Amanat партиясының алғыс хатымен 10 қызметкер марапатталды.
Аурухана директорының алғыс хатымен 37 қызметкер және төсбелгісімен 10 қызметкер – барлығы 100 қызметкер марапатталды.
Іс-шара Алтынбек Тәшімбетов, Нұрлан Қонысбаев сияқты эстрада жұлдыздары мен аурухананың дарынды, көңілді де әзілқой ер-азаматтары дайындаған мерекелік бағдарламамен жалғасты.
Көктем мерекесі құтты болсын!