Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында (ҚЖШККА) травматолог, ортопед және хирургтар арасында бірегей тәжірибе алмасу өтіп жатыр.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында (ҚЖШККА) травматолог, ортопед және хирургтар арасында бірегей тәжірибе алмасу өтіп жатыр.
Ауруханаға медицина ғылымдарының кандидаты, ортопедия және травматология саласындағы тәжірибелі маман, Армения Ұлттық денсаулық сақтау институтының докторы Захарян Норайр Грайрович келді.
Доктор Захарян ортопедия және травматология саласында 50-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі. Хирургия және түрлі жарақатты емдеу саласындағы тәжірибесі мен білімі оны өз саласының үздік маманы етті.
Екі күн бойы, кеше және бүгін, доктор Захарян жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалана отырып, бірнеше ота жасады. Отаға ҚЖШККА 1 және 2-травматология және ортопедия бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Бұл біздің қызметкерлер үшін тәжірибелі маманнан жарақатты емдеудің жаңа әдісі мен тәсілдерін үйренуге тамаша мүмкіндік болды.
Мұндай тәжірибе алмасудың медицинаны дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру үшін маңызы зор.
Доктор Захарянға бөліскен құнды тәжірибесі мен білімі үшін алғыс және болашақта одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдіреміз.