Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) хирургия бөлімшесіне 1981 жылғы науқас ішінің ұлғаюына, іштің оң жақ жартысын толығымен алып жатқан құрсақ қуысының түзіліміне, әлсіздікке, температурасының жоғарылауына шағымданып түсті.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) хирургия бөлімшесіне 1981 жылғы науқас ішінің ұлғаюына, іштің оң жақ жартысын толығымен алып жатқан құрсақ қуысының түзіліміне, әлсіздікке, температурасының жоғарылауына шағымданып түсті.
Науқастың айтуы бойынша, 2021 жылы құрсақ қуысына жасалған УДЗ кезінде алғаш рет бауырдың S6 сегментінің оң жақ бөлігінде эхинококкты жылауық анықталған. Ота жасатуға қорыққан науқас соңына дейін шыдаған. Уақыт өте келе науқас ішінің көлемі ұлғая түскен. Осыған байланысты ол жоспарлы түрде хирургиялық емделу үшін ҚЖШККА-ға жатқызылды.
Бауырдың эхинококкты жылауығы (Sg VI), өт тас ауруы, обтурационды калькулезді холецистит және алып өт қабы (28,0 х 20,0 см) диагнозы қойылған науқасқа хирург Нұрхат Есенбеков пен Дәурен Абдуалиев, анестезиолог Б.Баженов, оталық медбике Л.Болысбаева 2 сағат 35 минутқа созылған лапаротомия, холецистэктомия, эхинококкэктомия, құрсақ қуысын дренаждау отасын жасады.
Ересек адамда сау өт қабы сопақ немесе алмұрт тәрізді пішінді және айқын контурлы болады. Оның оңтайлы өлшемі: ұзындығы шамамен 7-10 см, ені 5 см-ге дейін, қабырғасының қалыңдығы 4 мм-ден аспайды. Өт қабының қалыпты көлемі 30-70 см.
«Біздің науқастың өт қабы қалыптыдан 3-4 есе үлкен болды. Үлкен өт қабы құрсақ қуысының 40-50% алып жатты. Мен мұндай көлемдегі өт қабын бірінші рет көрдім. Қабырғалары қалыңдаған алып өт қабы және бауырдың эхинококкты жылауығы хирургиялық тәжірибеде ерекше клиникалық-патологиялық түзілім болып табылады. Ауру кез келген жастағы науқаста дамуы мүмкін. Оны тек хирургиялық жолмен емдеуге болады», – дейді хирург Нұрхат Есенбеков.
Науқас отадан кейін 7-күні қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.
Бауыр эхинококкозы – бауырда жылауықтың пайда болуына негізделген паразиттік ауру. Эхинококкозды эхинококк тұқымдасының таспа құрттары тудырады. Эхинококкпен ауыратын адам симптомсыз ондаған жылдар бойы өмір сүруі мүмкін. Оны іш қуысы мүшелерінің КТ-да және эхинококкқа ИФА сынамасын жасағанда ғана анықтауға болады. Сондықтан тұрақты түрде тексеруден өтіп тұру маңызды.