Жаһандық денсаулық сақтаудың күрделі мәселелерінің бірі – қант диабеті, ағзадағы инсулин гормонының жетіспеушілігінен туындаған созылмалы эндокринологиялық ауру.
Диабеттік табан синдромы (диабеттік табан немесе ДТС) қант диабетінің асқынуының кешені болып табылады. Бұл қант диабетімен ауыратын адамдарда қалыптасатын және эпидермистің, дермистің, сүйектің, аяқтағы жүйке ұштарының зақымдану процесін қамтитын қауіпті ауру; уақтылы емделмеген жағдайда аяқты жоғалту да мүмкін.
Бастапқы кезеңдегі аурудың негізгі белгілері аяқтың беткейлік ойық жаралары болып табылады, кейінгі кезеңде жаралар бұлшықетке, сіңірге және сүйекке әсер ететіндей тереңірек енеді. Соңғы кезеңде кең гангрена қалыптасады.
Диабеттік табанды емдеудің негізгі әдістері – қандағы қантты қалыпқа келтіру, тері мен тырнақ пластинкаларын жергілікті емдеу, дәрілік терапия және хирургиялық шаралар болып табылады.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жоғары санатты хирург Әлімжанов Асқар Қасымханұлы 20 жылдан астам уақыт бойы ДТС емдеумен айналысады, оның негізгі міндеті науқастарды жоғары ампутациядан құтқару, науқас жүре алатындай мүмкіндігінше аяғын сақтап қалуға тырысу.
Диабеттік табан емдеуді кешіктіруге болмайтын аурулардың санатына жатады!
Гангрена, жалпы қан улану, ампутация, тіпті науқастың өлімі әрекетсіздіктің нақты салдары болып табылады. Сондықтан уақтылы мамандарға көрінгеніңіз абзал.
Сұрақтарыңыз бойынша +7 707 766 6504 телефоны бойынша Әлімжанов Асқар Қасымханұлына хабарласа аласыз.