Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін, ортаға аурухана директоры Алмаз Джувашев шақырылды.
«Биыл бабаларымыз сан жылдар армандаған тәуелсіздіктің 32-жылдығын атап өтеміз! Бұл бәріміз үшін ұлық мереке! Мемлекетіміздің өркендеу жолында атқарып жатқан еңбегіміз жемісті болып, бірге үлкен жетістікке жете берейік! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болып, еліміздің ертеңі жарқын, болашағы баянды болғай!”, – деді құттықтау сөзінде Алмаз Джувашев.
Іс-шара барысында Тәуелсіздігіміздің 32 жылы ішінде еліміз қол жеткен негізгі жетістіктер бойынша баяндама жасалды.
Жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы директорының алғыс хатымен аурухананың 20 қызметкері марапатталса, “Aqniet” кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен – 3, Алмалы ауданы әкімінің алғыс хатымен 1 қызметкер марапатталды.
Салтанатты жиынның қонағы “Amanat” партиясы орталық аудандық филиалының төрағасы Ордабаева Найля Алтынбековна аурухананың тағы 8 қызметкерін партия орталық аудандық филиалының алғыс хатымен марапаттады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау министрлігінің “Еңбек ардагері” төс белгісімен анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Бердалина Гүлнар Садырбекқызы марапатталды.
Барлығы 33 қызметкер марапатталды – құтты болсын!
Іс-шара аурухана қызметкерлері дайындаған концертпен жалғасты.