25 жастағы науқас подъездегі баспалдақтан құлап, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) жеткізілді.

25 жастағы науқас подъездегі баспалдақтан құлап, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) жеткізілді.
Бел омыртқаға жасалған КТ-да 2-бел омыртқа денесінің компрессиялық-ұсақталған сынығы, сынық бөлігінің омыртқа каналына енуі анықталды.
ҚЖШККА нейрохирургтері (бөлімше меңгерушісі К.Ли, нейрохирург М.Аргумбаев) шұғыл түрде сынықтың ашық реклинациясы, декомпрессивті ламинэктомия және жұлын каналынан фрагментті алу, транспедикулярлық құрылыммен тұрақтандыру отасын жасады. Қазір науқас үйге шығарылуға дайындалып жатыр.
Есіңізге саламыз, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы жедел және жоспарлы толық нейрохирургиялық көмек көрсетеді.
Қысқы жарақат маусымы келіп қалды. Бұл қыстың басында – адамдар әлі ауа-райына бейімделмеген кезде болатын жатақаттар кезі. Кеше ғана күзгі аяқ киіммен жүріп, кенет аяз келген кезде аса сақтықпен жүру керек екеніне әлі үйренбеген уақыт. Бұл, әдетте, қыстың ортасына қарай ретіне келеді. Оның үстіне көктайғақ та қысқы жарақат себебінің тізімінде.
Байқап жүріңіз!