Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында иық және тізе буындарының артроскопиясы бойынша хирургтар арасында тәжірибемен алмасу өтті.

Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында иық және тізе буындарының артроскопиясы бойынша хирургтар арасында тәжірибемен алмасу өтті.

Өз тәжірибесімен алмасуға Ресейден жоғары санатты травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының кандидаты А. Копылов пен С.Оганесян келді.

Тәжірибе алмасу барысында түрлі клиникалық жағдайлар талқыланып, олардың ішінен бірнеше жағдай таңдалып, ҚЖШККА травматология және ортопедия бөлімшесінде екі көрнекі ота жасалды.

Нәтижесінде бөлімше дәрігерлері артроскопиялық оталарды орындау дағдыларын, тізе және иық буындарына артроскопиялық араласуды жүргізуге қажетті білім, соның ішінде импланттарды дұрыс таңдау бойынша біраз тәжірибеге ие болды.