8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Әйел – мейірім, даналық, төзім мен сұлулықтың символы. Қоғамның әр саласында, әсіресе медицинада әйелдердің еңбегі ерекше. Күн сайын адам өмірі мен денсаулығы үшін аянбай қызмет етіп жүрген барлық дәрігер, медбике – жалпы медицина саласының аруларына алғыс білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, көктемдей шуақты көңіл күй мен толайым табыс тілейміз! Әр күніңіз қуаныш пен жылулыққа толы болсын!
Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы
