Маусымның 4-і – Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Ұлттық рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Отанды қастерлеу, туған елге деген шынайы құрмет мемлекеттік рәміздерді қадірлеуден басталады.
Көк байрағымыз көкте желбіреп, Елтаңбамыз ел төрінде нық тұрып, Әнұранымыз асқақтай берсін. Бұл мемлекет мерейі үстем, мәртебесі биік екенін, халқымыздың бірлік пен берекеде өмір сүріп жатқанын айғақтайды.
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!
Құрметпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы