Маусымның 4-і – Ұлттық рәміздер күні

Маусымның 4-і – Ұлттық рәміздер күні
Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толды.
Отанды қастерлеу, туған елге деген шынайы құрмет мемлекеттік рәміздерді қадірлеуден басталады. Ту, Елтаңба және Әнұран. Дәл осы нышандар Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіз ел екенін дәлелдейді.
Көк байрағымыз көкте желбіреп, Елтаңбамыз ел төрінде нық тұрып, Әнұранымыз аспанда қалықтаса, ол мемлекет мерейі үстем, мәртебесі биік екенін, халқымыздың бірлік пен берекеде өмір сүріп жатқанын айғақтайды.
РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ ДА БЕРЕКЕЛІ БОЛЫП, ЕЛ БІРЛІГІ ЖАСАЙ БЕРСІН!
Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы