Эндоскопист күні құтты болсын!

Эндоскопист күні құтты болсын!
Мамырдың 23-і медицинаның маңызды саласының бірі – эндоскопист мамандардың кәсіби мерекесі.
Қазіргі заманғы эндоскопия көптеген аурулардың, әсіресе ішек, асқазан, өкпе, қуықтың онкологиялық ауруларын тануда ерекше рөл атқарады. Ауруды ерте кезеңде анықтау науқасқа толық емделуге үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында эндоскопия қызметі функционалды диагностика бөлімшесіне кіреді. Эндоскопия бөлімінде 6 дәрігер-эндоскопист, 3 медбике, 1 кіші медбике қызмет етеді.
Эндоскопия бөліміне күніне 10-15 науқас келеді, жыл сайын стационарлық және амбулаторлық жағдайда күрделілігі әр түрлі 2000-2500-ге жуық эндоскопиялық диагностикалық және емдік зерттеулер жүргізіледі. Бөлімде эндоскопиялық көмектің келесі түрлері ұсынылады: РХПГ, ЭПСТ, легирлеу, эндоскопиялық гемостаз.
Эндоскопист дәрігерлерді мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге кәсіби жетістіктер, күш-қуат, шабыт пен жігер тілейміз.
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы