Мамырдың 20-сы – Дүниежүзілік травматологтар күні құтты болсын!
Күн сайын шұғыл көмек көрсетіп, науқастың сауығып, қалыпты өміріне қайта оралуына үлес қосып жүрген барша травматолог мамандарға шынайы алғыс білдіреміз.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының №1 травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Медет Жанысов, №2 травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Сағит Маханов және қабылдау бөліміндегі травмпункт меңгерушісі Бауыржан Қалымбетов жетекшілік ететін ұжымдардың кәсіби деңгейі, шұғыл сәтте дұрыс шешім қабылдай білуі және науқасқа жанашырлықпен қарауы – үлкен құрметке лайық.
Тәулікпен санаспай атқарып жүрген еңбегіңіздің арқасында талай адам дер кезінде медициналық көмек алып, сауығып келеді. Бұл – төзім мен табандылықты, жоғары жауапкершілікті талап ететін абыройлы мамандық.
Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, амандық, еңбекте толайым табыс тілейміз!
Ел алғысы мен абыройы әрдайым серік болсын!
Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы
