Халықаралық медбике күні қарсаңында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен мерекеге орай салтанатты іс-шара өтті.

Халықаралық медбике күні қарсаңында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен мерекеге орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында басқарма басшысы Нариман Табынбаев орта медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, марапаттар табыс етті.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы анестезиология, реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесінің мейіргері Дастан Қожасанов басқарма басшысының атынан алғыс хатпен марапатталды.
Құттықтаймыз!