Халықаралық дәрігер күні

Жыл сайын қазанның алғашқы дүйсенбісінде әлемнің көптеген елінде Халықаралық дәрігер күні (International Doctor’s Day) атап өтіледі.
Бұл мерекені бүкіл санаттағы дәрігерлерге құрмет көрсетуге және олардың жұмысына тиіс баға беру үшін қалыптастыруға белсенділік білдірген Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мен «Дәрігерлер шекарасыз» Халықаралық медициналық гуманитарлық ұйымы қалыптастырған болатын.
Бұл күн әлемдегі барлық дәрігердің белсенді әрекеті мен тілектестік күні болып табылады.
Қай елдің дәрігері болмасын, оның басты мақсаты – пациентті аман алып қалу, аурудан емдеу екені сөзсіз.
Дәрігер – әлемдегі ең қасиетті мамандықтың бірі.
Ақ халатты абзал жандардың дәрігерлік қызметі
адамның бұл өмірдегі ең қымбат ден­саулығы мен өмірін сақтауға бағытталған.
Адамзат қалыптасуының бастауында пайда болып, қашанда бағаланып, құрметтеліп келген осы аса маңызды және мейірбанды мамандықты таңдап алған мамандардың бәрін шын жүректен құттықтаймыз.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында бүгінгі күні 219 дәрігер еңбек етеді.
Құрметті дәрігерлер, мереке құтты болсын! Сіздердің ерең еңбектеріңіз шексіз, мәртебелеріңіз биік. Сіздерге шын жүректен алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, игілік және кәсіби жетістік тілейміз.
Ізгі ниетпен: Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы