Мидың эхинококкозы – ми тінінің сирек кездесетін паразиттік зақымдануы.

Мидың эхинококкозы – ми тінінің сирек кездесетін паразиттік зақымдануы. Түрлі дереккөзге сәйкес, ол эхинококкоздың барлық жағдайының 0,4%-9%-ын құрайды. Бауыр мен өкпенің эхинококкозымен біріктірілген мидың зақымдануы науқастардың 0,2%-ында кездеседі. Ең көп ауру эндемиялық аймақтарда байқалады.
Эхинококкоздың церебральды түрі құрттардың ми тініне енуіне байланысты пайда болады. Адамның ауруды жұқтыруы ауқаттық жол арқылы – эхинококк жұмыртқасын (онкосфера) жұту арқылы жүреді. Соңғылары ауру жануарлардың: қасқыр, ит, түлкінің нәжісімен қоршаған ортаға таралады. Олар топырақта ұзақ сақталады, кептірілген бөлшектері (шаңы) жел арқылытасымалданады.
Жұмыртқа шөпте жатқан мал мен иттің жүніне, адамдардың киіміне, қолына түсуі мүмкін. Ауруды мал шаруашылығымен және сойылған малдың тұтас етін кесумен айналысатын адамдар, аңшылар және бос жүрген ит иелерінің жұқтыру қаупі жоғары. Эхинококкозбен ауырған адам паразиттерді сыртқа шығармайды және басқалар үшін қауіпті емес.
Тамақтың тұқымдануы негізінен лас қол арқылы жүзеге асады. Мал сою алаңдары мен мал фермаларының жанындағы эндемиялық аймақтарда, құрамында эхинококк онкосферасы бар шаң ашық өнімдерге ұшырауы мүмкін. Адамның ішегіне енгеннен кейін құрт жұмыртқадан шығып, тамырлы арнаға енеді. Қан ағымымен ол бауыр мен өкпе арқылы өтеді. Құрттың миға гематогенді енуі, ол алдыңғы органдардың тіндерінде «ұсталмаса» не бірнеше мүшенің бірлескен зақымдануымен көптеген жұмыртқа денеге бірден енгенде мүмкін болады.
Эхинококкоздың белгілері ми түзіліміне ұқсас келеді. Ми эхинококкозына келесі көрініс тән: бас ауруы, кейіннен парез дамуымен эпилепсиялық ұстамалар, жүрек айнуы мен құсу, бұлыңғыр көру және бас айналу. Жылауықтың орналасуына байланысты әр түрлі ошақты белгілер дамиды.
МРТ орталық жүйке жүйесінің эхинококкозын диагностикалаудың жетекші әдісі болып саналады.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері оң жақ маңдай бөлігінің эхинококктыжылауығын микрохирургиялық жолмен алып тастау отасын жасады.
Отаны нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі К.Ли мен А.Жанкабаев жасады.
Ми эхинококкозының алдын алу тұрмыстық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтаудан басталады. Сол себепті үй жануарларымен, әсіресе көшедегі жануарлармен байланыста болғаннан кейін қолды жақсылап жуу керек. Сонымен қатар, ашық су көздерінен су ішуге және жуылмаған көкөніс, шөп-шалап, жеміс-жидекті жеуге болмайды.