ҚЖШККА хирургтары 91 жастағы кейуананы аман алып қалды

ҚЖШККА хирургтары 91 жастағы кейуананы аман алып қалды
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының хирургия бөлімшесінде «Холелитоз. Жедел флегмонозды калькулезді холецистит. Көптеген холедохолитиаз. Жалпы өт өзегінің терминалдық бөлігінің стриктурасы. Механикалық сарғаю. Холестатикалық гепатит» диагнозымен түскен 91 жастағы науқасқа шұғыл ота жасалды.
Науқастың жалпы жағдайын жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, 2007 жылы бастан өткізген миокард инфарктісі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, 3-дәрежелі артериялық гипертензия, 2-типті қант диабеті сияқты ауыр қатар жүретін аурулардың болуы қиындатты.
Кейуанаға жасаған отаға ҚЖШККА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бақтияр Бекішев жетекшілік етті. Ота сәтті әрі еш асқынусыз өтті.
Бақтияр Бекішев анестезияның жаңа әдістері, сондай-ақ ота кезінде ағза жұмысын бақылаудың қазіргі әдістері көптеген созылмалы аурулары бар қарт адамдарға да хирургиялық емдеуді жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Отадан кейін науқас жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімшенің жалпы бөліміне ауыстырылды және ота жасалғаннан кейін 9-күні қалыпты зертханалық зерттеулердің қанағаттанарлық қорытындысымен амбулаторлық емдеуге үйге шығарылды.
Апамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!