Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ҚЖШККА-да салтанатты жиын өтті

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ҚЖШККА-да салтанатты жиын өтті

Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында көктемнің әсем мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиналыс өтті.

Жиынды аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев құттықтау сөзбен ашты:
– Бүгін мереке қарсаңында мерекелік тілегімізді жеткізіп, құрмет көрсетіп, сый-сияпатымызды жасау үшін бас қосып отырмыз. Сіздерді шын жүректен алдағы көктем мерекесімен құттықтаймын. Сіздер, аналар, қыз-келіншектер ақ халатты абзал жандар ретінде халықтың денсаулығының нығаюына үлкен үлес қосып келесіздер. Бүгінгі күні әйелдер қауымының қоғамда, отбасында алар орны ерекше. Және әрдайым солай болып қалары сөзсіз.

Мерекелік шара барысында бас дәрігер Алмаз Джувашев медицина саласының ардагері, медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры, хирург Жанталинова Нұржамал Асенқызына еліміздің медицина саласына қосқан үлесі, науқастарға кәсіби қызмет, қолдау және мұқият қарым-қатынас көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ, Алмаз Болатұлы ауруханада қызмет ететін көп балалы аналар – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің еңбегін баса атап өтіп,
– нейрохирургия бөлімшесінің кіші мейірбикесі – Жамиля Мейрембекова;
– нейрохирургия бөлімшесінің кіші мейірбикесі – Гүлімшат Қалжанова;
– қабылдау бөлімінің кіші мейірбикесі – Қалампыр Оразбаева;
– қабылдау бөлімінің кіші мейірбикесі – Бакыт Режепова;
– қабылдау бөлімінің кіші мейірбикесі – Жанна Әбілдаева;
– ота жасау бөлімінің кіші мейірбикесі – Жадыра Бузбанова;
– хирургия бөлімшесінің кіші мейірбикесі – Айгүл Якупбаева;
– травматология бөлімшесінің кіші мейірбикесі – Бақыткүл Атееваны
аяулы ана, адал жар, үлгілі қызметкер миссияларын қатар алып жүре отырып, науқастарға кәсіби қызмет, қолдау және мұқият қарым-қатынас көрсеткені үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Ал ҚЖШККА персоналды басқару қызметінің басшысы Замира Рыскелдиева «Аманат» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әлбисеновтің атынан алғыс хатпен марапатталды.

Аурухана әкімшілігі атынан барша әйел қауымын көктемнің нәзік мерекесімен тағы бір құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт тілейміз!