ҚЖШККА қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері үшін «Жаппай қабылдау жағдайында зардап шеккендерді медициналық іріктеу негіздері» атты арнайы оқытуы өтті.

ҚЖШККА қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері үшін «Жаппай қабылдау жағдайында зардап шеккендерді медициналық іріктеу негіздері» атты арнайы оқытуы өтті.
Оқытуды Жедел медициналық жәрдем қызметінің реаниматологы, Оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы – Роман Ледовских жүргізді.
Медициналық іріктеу (ТРИАЖ) жағдайға және мүмкіндіктерге байланысты зардап шегушілерді қажеттілік принципі бойынша топтарға бөлу болып табылады.
Медициналық іріктеу – ұйымдастырудың маңызды әдістерінің бірі.
Дұрыс ұйымдастырылған іріктеу зардап шеккендерге медициналық көмек пен емдеудің барлық түрлерін уақтылы және толық көрсету үшін медициналық қызметтің күштері мен құралдарын ұтымды пайдалануға ықпал етеді.
Мұнда медициналық қызметкерлердің тәжірибесі басты рөл атқарады.
Төтенше жағдайлар кезіндегі шараларды дайындау және жоспарлау олардың зардаптарымен табысты күресу үшін өте маңызды. Ол үшін медицина қызметкерлері үнемі өз білімі мен дағдыларын жетілдіріп, төтенше жағдайлардың денсаулыққа тигізетін салдарын жоюға болатын ресурстар туралы хабардар болуы керек.