Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.

Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.
Бірінші байлық – денсаулық. Ал медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы.
Құрметті әріптестер, ақ халатты абзал жандар, ерен еңбегіңіз, шипалы алақаныңыз, мейірімді жүрегіңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлей берсін.
Қашанда көптің ризашылығына бөленіп, ел өмірінің жақсаруына үлесімізді қоса берейік.
Сіздерге ең бастысы зор денсаулық, отбасыңызға амандық, мол бақыт, ашық аспан, еңбекте табыс, төзімділік, күш-қайрат пен сәттілік тілейміз!
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы