Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жедел жәрдем бригадасы жол апатынан зардап шеккен 2000 жылғы науқасты жеткізді.
Науқасқа екінші, үшінші және төртінші омыртқаның бірінші дәрежелі компрессиялық сынығы диагнозы қойылды.
МРТ зерттеуі кезінде жазатайым оқиғаға байланысты жарақаттардан басқа бірінші бел омыртқасының деңгейінде интрадуральды экстрамедуллярлық түзілім анықталды.
Дәрігерлер жалпы интубациялық анестезиямен бір мезгілде түзілімді алып тастап, үш омыртқаны цементтеуді шешті.
Ісікті алып тастау және компрессиялық сынған омыртқалардың кифопластикасын нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Контантин Ли және Самат Қадыров жүзеге асырды.
Анестезиолог: Ринат Қасенов.
Ота 1,5-2 сағатқа созылды.
Егер апат болмаса, түзілімді тез арада анықтау мүмкін болмас еді.
«Жаман айтпай, жақсы жоқ» дейтін жағдай осы.
Қазіргі уақытта науқас өзін жақсы сезінеді және тұрғылықты жері бойынша оңалту еміне үйге шығарылды.