Анестезиолог – көзге көрінбейтін майдан жауынгері

Анестезиолог – көзге көрінбейтін майдан жауынгері
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі қызметкерлерінің бірі, 20 жылдан астам еңбек өтілі бар, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер Мадуарова Индира Шубайқызы өз жұмысы туралы әңгімелейді.
– Менің отбасымда маған дейін дәрігер болмаған. Анам мен дүниеге келмей тұрып, менің дәрігер болуымды армандаған. Сөйтіп, арманы орындалды, – деп күледі Индира Шубайқызы. – Өзім де 4-5 жасымда-ақ дәрігер боламын дейтінмін. Менің сүйікті ойыным «дәрігер-пациент» ойыны болған. Мектепке барғанда хирург боламын деп бәріне сенімді түрде айтып жүрдім. Орта мектепте Ф.Угловтың «Хирург жүрегі» кітабын оқып, кардиохирург мамандығын таңдаймын деп шешкентін-мін. Оқуды бітірген соң, отбасы құрып, балалы болдық. Арманымды сәл кейінге қалдыруға тура келді. Дегенмен мен бұған еш өкінбеймін. Шынымды айтсам, таңдауымның анестезиология мен реанимацияға түсуі ота жасау бөлмесінде хирургтардың қасында бола алатынымда еді. Ал кейінірек мені бұл мамандық қызықтырғаны соншалық, қайтадан таңдау мүмкіндігі берілсе, тек анестезиолог-реаниматолог мамандығын таңдар едім.
– Еңбек жолымды ЖШККА ескі ғимаратында Амантай Біртанов жұмыс істеген хирургиялық корпуста анестезиолог-реаниматолог болып бастадым.
Анестезиология бүкіл медициналық мамандықтың торабында орналасқан. Ол медицинаның барлық салаларымен тығыз байланысты, терең білім мен мінсіз практикалық дағдыларды талап етеді. Мені қызықтырғаны да осы болды.
– Мамандығымызда мен келесі қасиеттерді ең маңызды дер едім – біріншіден, әрине, білім мен кәсібилік; шұғыл жағдайларда жылдам шешім қабылдау және салқынқандылық.
8 Наурыз жақындаған сайын әйел мамандығы туралы сөз қозғалады.
Қазіргі уақытта әйел дәрігер ешкімді таң қалдырмайды, дегенмен медицинада әлі де әйел дәрігерлер жоқ салалар бар.
Ұзақ уақыт бойы бұл салаға хирургия, тіпті анестезиология мен реанимация да жатқан.
ҚЖШККА анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде әйел анестезиолог-реаниматологтар жұмыс істейді:
бөлімше меңгерушісі жоғары санатты дәрігер, м.ғ.к. –
Бердалина Гүлнар Садырбекқызы,
сондай-ақ Бажинова Бела Нұрванжанқызы, Камалова Гүлнара Тоқтамұратқызы, Төлеханова Сәуле Жүрсінбекқызы, Головина Ольга Сергеевна, Саркисова Олеся Сергеевна, Захарченко Анна Маратқызы бар.
– Біз бармыз, әйел анестезиолог – пациент үшін плюс деп білемін. Біздің мейірім мен жұмсақ та нәзік қолымыз оған себеп, әрі осы қолмен біз жауапты да ауыр, қиын манипуляцияларды жүзеге асырамыз, – деп атап өтті Индира Мадуарова.
Анестезиология және реанимация бөлімінде кездейсоқ адамдар жоқ. Бұл бөлімшеде өз ісіне жан-тәнімен берілген, таңдаған мамандығының шынайы жанкүйерлері жұмыс істейді.
P.S.
Оның үстіне ҚЖШККА-да жоғары санатты хирург, медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ хирургия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының профессоры – Жанталинова Нұржамал Әсенқызы,
хирург, жоғары санатты трансфузиолог – Головня Марина Анатольевна,
хирург, жоғары санатты проктолог – Нуспекова Динара Тулендиевна
және көптеген нәзік жанды майталман мамандар қызмет етеді.
Олар жақындарымен көбірек уақыт өткізу сияқты қарапайым нәрселерді армандайды.
Әрі кез келген әйел сияқты көктемді, гүлді, тосын сыйларды ұнатады.
Және нағыз медицина қызметкерлері болғандықтан барша жұртқа зор денсаулық тілейді.
Келе жатқан көктем мерекесі құтты болсын, қымбатты арулар!