Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының 31 қызметкері Медицина қызметкерлері күніне орай марапатталды.
Бүгін ҚЖШККА-да аурухана қызметкерлеріне төсбелгі, медальдар, құрмет грамоталары және алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен ҚЖШККА инсульт орталығының меңгерушісі Аяғанова Лаззат Базарбекқызы;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың алғыс хатымен – травматолог Жәнібек Жұмабек пен нейрохирург Әнуар Жанқабаев;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен анестезиолог-реаниматолог Сәуле Төлеханова;
ҚЖШККА директоры атынан «Үздік маман» медалімен – 5 қызметкер;
қала әкімі атынан құрмет грамотасымен – 2 қызметкер;
қала әкімі атынан алғыс хатпен – 5 қызметкер;
қала әкімінің орынбасары атынан алғыс хатпен – 2 қызметкер;
– Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хатымен – 5 қызметкер;
«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының алғыс хатымен – 3 қызметкер;
«Aqniet» кәсіподағының Алматы қалалық филиалы төрағасының құрмет грамотасымен – 5 қызметкер марапатталды!
Оның үстіне ҚЖШККА инсульт орталығының меңгерушісі Аяғанова Лаззат Базарбекқызы стационардың үздік дәрігері атанды!
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкері күнін мерекелеуге орайластырылған «Медицина үздігі – 2023» байқауын өткізген болатын.
Алматы қаласы бойынша «Стационардың үздік дәрігері» номинациясында Лаззат Базарбекқызы жеңімпаз атанды!
Бұл оның жоғары біліктілігінің, кәсібилігінің және өз ісіне берілгендігінің лайықты бағасы! Оның тез шешім қабылдау, инновациялық шешімдерді табу және қиын жағдайларда жұмыс істеу қабілеті көптеген адамдардың өмірін сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, инсульт орталығының басшысы әріптестеріне көмектесуге, тәжірибесімен бөлісуге әрқашан дайын.
Әріптестерімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз әрі бірге жұмыс істеп жатқанымызды мақтан тұтамыз!
Қашанда табыс пен жетістікке жете берейік!