Қазанның 16-сы – Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні
Науқасты отаға дайындау, анестезия әдісін таңдау, отаның күрделілігі мен ұзақтығына байланысты препараттың дозасын есептеу, ота кезінде ағзаның барлық маңызды функциясын, науқастың оянуын бақылау, отадан кейінгі кезеңде науқасқа күтім жасау – мұның бәрі анестезиолог-реаниматологтың жұмысы.
Кәсіби мереке құтты болсын!
Сіздің мамандығыңыз – медицинадағы ең қиын, ең асыл мамандықтың бірі. Сіз «көрінбейтін майдан жауынгерісіз», өлім алдында соңғы кедергі болып тұрып, науқасты аман алып қалатын, ауру мен қорқынышты жеңілдететін, отадан кейін оянған адам бірінші көріп, еститін адамсыз.
Сіздерге мінсіз бедел мен кез келген сырқатпен күресте жеңіске жетуіңізді тілейміз!
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы