Шілденің 15-і – дәрігер гинеколог күні

Шілденің 15-і – дәрігер гинеколог күні
Бұл – әйел атаулының жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеумен айналысатын дәрігерлердің мерекесі.
Олардың міндеті – әйелдің денсаулығын сақтау. Бұл мамандар қызметінің маңызын асыра бағалау қиын, өйткені ана мен бала өмірі мен денсаулығы көбінесе оларға, олардың тәжірибесіне, білімі мен дағдысына байланысты.
Ана мен бала денсаулығын қадағалап, әйел адамның саулығын арттыруда атқаратын еңбегі зор мамандық иелері – жүктілікті жоспарлау, әйелдің босанғанға дейінгі және кейінгі ахуалы мен күтімімен айналысып қана қоймай, жалпы әйел денсаулығын өмір бойында қадағалап келеді.
Құрметті әріптестер, мереке құтты болсын!
Жауапты еңбегіңіз үшін алғыс білдіріп, шын жүректен зор денсаулық, еңбекте табыс тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, отбасыңызда береке арта берсін! Кәсіби жетістіктер биігінен көрініңіздер!
Құрметпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы