Наурыздың 1-і – Дүниежүзілік иммунитет күні

Наурыздың 1-і – Дүниежүзілік иммунитет күні
Бұл күн 2002 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бүкіл әлем бойынша түрлі иммундық аурулардың таралу проблемаларына қоғамның назарын аудару, сондай-ақ иммунитетті сақтау мен нығайтудың маңыздылығын еске түсіру үшін белгіленген.
Көктемнің бірінші күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Көктемнің басында иммунитетіміз ерекше қолдау мен назар аударуды қажет етеді. Қыстан кейін иммундық жүйенің әлсіреуін көрсететін белгілер айқын көрінеді.
Бүкіл әлемде миллиондаған адамдардың өмірін қиып, денсаулығына орны толмас зиян келтірген коронавирус індетінің қиын кезеңдерін бастан өткеріп жатқан бүгінде Иммунитет күні ерекше маңызға ие және өзекті болып отыр. Мұнда тәж ауруының ауыр ағымынан қорғайтын вакцинация / ревакцинация маңызды рөл атқарады.
Иммунитет шамамен 50%-ға біздің таңдаған өмір салтымызға тәуелді. Иммунитетті бұзатын – дұрыс тамақтанбау, ұйқының тұрақты болмауы, тым ауыр физикалық белсенділік және күйзеліс. Темекі шегу, алкоголь, есірткіні айтпаса да анық.
Адамдардың тек 10%-ы барлық аурулардан қорғайтын күшті иммунитетті мақтан тұта алады. Тағы 10%-ында туа біткен иммунитет тапшылығы бар: олар өте жиі ауырады. Қалған 80%-ының иммундық жүйесінің беріктігі жағдайға және өмір салтына байланысты болады.
Төмендегі қарапайым ережелерді ұстаныңыз:
• Күнделікті таза ауада серуендеу;
• Дұрыс тамақтану;
• Жаман әдеттерге жол бермеу;
• Дұрыс ұйықтау! Демалыс күндері ұйқымды қандырам деп ойлау қателік. Бұл созылмалы шаршағыштыққа әкеп соғады;
• Артық салмақты жоғалтуға көмектесетін қарапайым дене жаттығулары ұйқыны да күшейтеді;
• Күйзеліс/стресс – иммунитеттің негізгі жауларының бірі.
Деніңіз сау болсын! Иммунитетіңізді күшейтіңіз!