Желтоқсанның 1-і – Халықаралық невролог күні
Адамның жүйке жүйесі өмір бойында барлық процеске қатысады.
Бүгінде жүйке жүйесі ауруларының себебі мен механизмін анықтау, емдеу және олардан сақтану әдісімен айналысатын невролог мамандардың орны бөлек.
Көптеген ауру неврологиялық себепке байланысты болуы мүмкін.
Жүйке жүйесі ауруларының кең таралуы жайсыз экологиялық ахуалмен, соңғы кездегі қоғам дертіне айналған жиі күйзеліске ұшыраумен, эмоционалдық жүктеменің ауырлығымен тығыз байланысты.
Жүйке жүйесінің аурулары адамның өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді, себебі ауырсынулар жиі қайталанып, еске сақтау қабілеті нашарлап, қимыл-қозғалыс бәсеңдейді.
ҚЖШККА Неврология бөлімшесі мен Инсульт орталағының невролог мамандарын бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл бөлімшелерде пациентпен қарым-қатынас қашанда шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Невролог мамандар, соның ішінде осы екі бөлімшенің орта және кіші қызметкерлері үшін бұл өте маңызды, өйткені жүйке жүйесінің аурулары адамның психикасын да, оның қарым-қатынас тәсілін де өзгертеді. Пациенттің әдеттен тыс немесе орынсыз мінез-құлқына дайын болу керек.
Аяганова Лаззат Базарбековна және Балқыбеков Шыңғыс Тәңірбергенұлы бастаған екі бөлімше қызметкерлеріне зор денсаулық, еңбекте табыс тілейміз.
Құрметпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы