Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз
Айриян Милана Спартаковна
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы физиотерапия бөлімшесінің аға медбикесі
Жоғары санатты медбике
– Бала кезімде ата-анам «осы бізді кім емдейді екен?» деп жиі сұрайтын, ал мен «мен» деп жауап беретінмін. Медицинаны осылайша таңдадым. Маған ұнайды, өмірімді медицинаға арнадым, – дейді Милана Спартаковна.
– Медициналық училищені бітіргеннен кейін еңбек жолын А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХА-да оталық медбике ретінде бастадым. Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы жөндеуден кейін ашылғаннан бастап, осында жұмыс істеймін. Міне, тура 10 жыл болды. Алдымен эндоскопия бөлімшесінде аға медбике болып істедім, ал физиотерапия бөлімшесі ашылғанда, осында ауыстым.
– Қазір біз емдік дене тәрбиесі терапиясы мен өкпеге арнайы массаж жасаймыз. Пациенттер бізді асыға күтеді және бізбен қуана-қуана жұмыс істейді. Ал біз өз кезегінде науқастарға көмектесуге қуаныштымыз.
– Егер бұған дейін емделушілер біздің бөлімшеге өздері келсе, КВИ науқастарына біз өзіміз барып, барлық қажетті процедураларды сол жерде жүргіземіз. Алдымен тыныс алу жаттығулары жасалады, содан кейін науқастар үшін қолайлы емдік дене тәрбиесі жаттығуларымен толықтырылады. Ең қарапайым жаттығулардан бастаймыз. Жаттығу терапиясы объективті көрсеткіштерді ғана емес, сонымен қатар пациенттердің эмоционалды-психологиялық жағдайын да едәуір жақсартатынын атап өткім келеді.
– Пациенттерді ауруханадан шығарған кезде біз оларға ұсыныстар береміз – коронавирустан кейін қалпына келу үшін басында спортпен үйде шұғылданған жөн, ауа-райына қарай киініп, күнделікті серуендеген дұрыс, тыныс алу жаттығуларын көрсетеміз. Ең бастысы, ауруханадан шыққаннан кейін өзін барынша күту керек екенін түсіндіреміз.