Халықаралық денсаулық күнімен барлығыңызды құттықтаймыз!

Бүгінгі Халықаралық денсаулық күнімен барлығыңызды құттықтаймыз!
Әлем рейтингіне көз салсақ, Қазақстан 167-орыннан 84-орында тұр. Өткен жылы бастамашы ретінде Жапония, Оңтүстік Корея және Исландия мемлекеті, оның алдында Испания, Италия және Исландия мемлекеттері болған. Денсаулық рейтингі өзін жақсы сезіну және аурушаңдықтың алдын алуды қолдау үшін қажетті қызметке қол жеткізуді ұйғаратын әл-ауқаттылық индексінің көрсеткіштері бойынша қалыптасады, сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін, аурушаңдықты, қауіп факторлары мен өлім көрсеткіштерін бағалау қорытындысынан тұрады. Сондай-ақ, еуропа елдерінің біріншілігі жерортатеңізінің емдәмімен, профилактикамен, ал, Азиат елдерінде тәртіптілікпен байланыстырған. Алайда, дүниежүзілік пандемиядан соң бұл елдер қалғандарынан гөрі вирусқа ұшырағыш болып келген себепті, рейтинг, әрине өзгереді. Дегенмен, вирус Комор, Маршалл, Соломон аралдарында, Кирибати, Лесото, Малави, Микроне зия, Науру, Солтүстік Корея, Палау, Самоа, Сан-Томе және Принсипи, Оңтүстік Судан, Тонга, Түркменістен, Тувалу, Вануату, Йемен, Тәжікстанға жетпеген. Сонда да, ол елдерде денсаулығы мықты адамдар ғана мекендейді десек батыл пікір емес, аталмыш мемлекеттер барлығынан не алыстатылған не болмаса жабылған. Бірақ, ұзақ өмір сүруші-рекордшы Фатима Мирзокулова Тәжікстанда тұратынын айта кеткен жөн. Daily Mail басылымына үңілсек, рекордшы 127 жаста екен. Фатима өмірінің жартысын мақта жинаумен колхозда өткізген. Фатима сегіз баланы дүниеге әкеліп 200-ден астам немере, шөбере мен немене сүйген. Оның туысқандары оны сауатсыз, оқи білмеген, жаңалықтарды көрмеген де естімеген дейді, мүмкін дәл осы жағдай оның салауатты психикасын сақтап ұзақ өмір сүруіне себепші болған шығар! Басқа бір ұзақ өмір сүруші француз әйел Жанна Кальман 122 жас жасаған. Ол керісінше, ешқашан жұмыс істемеген, бір баласы болған, тенниспен әуестенген, жүзе білген, ролик тепкен және фортепианода ойнаған. Айтпақшы, 95 жасына дейін темекі шегіп, 117 жасында операциядан соң көзі жаман көргеннен темекіні өзі тұтата алмағандықтан тастаған. Француздар, Кальманның емдәмі аптасына 1 кг. шоколад және литр шараптан құралады деп әзілдейді. Ал, ол өзінің ұзақ өмір сүргіштігін зәйтүн майын жегенмен және өмірлік позитивімен байланыстырған. Оның ұраны: «Егер Сіздің бір іске дәрменіңіз келмесе, ол үшін уайымдамаңыз». Денсаулықтарыңыз мықты болсын!