Медбикелік күтім емxанасында (МКЕ) емделіп жүрген 100 қартқа Алматы қалалық жедел шұғыл жәрдем беру емxанасының дәрігерлері консультация берді. “Қарттар күні” мерекесінің аясында әжелер мен аталар невропатолог, xирург, уролог, терапевт және травмотолог сияқты мамандардың консультациясын алды. МКЕ басшылығының айтуынша, қарттар емxанада салалық мамандардың консультациясын жыл сайын алып тұрады. “Біздің емxана 100 пациентке есептелген. Біз егде адамдарға геронтологиялық көмек көрсетеміз. Бүгін оларды жедел шұғыл жәрдем, орталық қалалық клиникалық емxаналарының және қалалық ревмотологиялық орталықтың мамандары қарады”,-деп атап өтті қалалық медициналық колледж директорының орынбасары Затыбекова Эльмира. Келген дәрігерлерді негізінен созылмалы ауруларға шалдыққан егде адамдар қуанышпен қарсы алды. Олардың әрқайсы өз аурулары туралы айтып беріп, барынша мол консультациялар мен кеңестер алды. Пациенттердің арасында медициналық көмекті кәсіби тұрғыдан бағалай алатындар да болды. Мысалы, Хитрова Римма Николаевна кезінде өзі де медицина маманы болған. Қазір ол 86-да. “Мен мұндай шаралардың өтетініне қатты қуанамын. Акциялар жиірек өткізілсе, нұр үстіне нұр болар еді”,-дейді пациент. Қаралудан өткен әрбір пациент одан әрі емделу бойынша нақты ұсынымдар алды. Әрі мереке құрметіне қарттарға МКЕ басшылығы атынан сыйлықтар табыс етілді.