2020 жылғы 25 наурызға провизорлық стационарлардағы карантиндегі адамдар туралы.

2020 жылғы 25 наурызға провизорлық стационарлардағы карантиндегі адамдар туралы.
Шұғыл жедел жәрдем аураханасында, қазіргі уақытта провизорлық стационарда жұқтырған адамдармен байланыста болған 222 адам жатыр, олардың барлығында коронавирусқа қайшы талдама болып шықты- деп хабарлады ШЖЖА бас дәрігері Сағи Бейсенбеков. — Адамдарды орталыққа тікелей ұшақтардан алып келді, көбінесе, бұлар Қазақстан азаматтары, бірақ, арасында АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді жақын және алыс шет ел өкілдері де бар. Және де олардың біреуі де орталықтағы жағдайға шағымданған емес, керісінше, кейбіреулері әлеуметтік желілерде оң пікір жазуда. Олардың көбісі ер адамдар, жүкті әйелдер мен балалар да бар. Оларды аурахананың 314 қызметкерлерлері тексереді. Барлығы уақытында еңбекақысы мен уәделенген сыйақыны алды, қорғау құралдарымен толығымен қамтылған. Қала сыртынан келетін қызметкерлерге арнайы рұқсатнама берілген, ал, Алматы қаласында қалғысы келгендерге Қазақ әйелдер педагогикалық университетімен 200 орынды жатақхана ұсынылған. Медицина қызметкерімен қатар аурухана бас дәрігерінің орынбасары Мағаз Мұқашев те айтарлықтай қызметімен танылуда. Ол ШЖЖА мықты мамандардың бірі болып саналады. — Бүгінгі күнгі жағдай әрине, бәріміз үшін теңдесі жоқ күрделі жағдай- деді Мағаз Болатұлы. — Күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатырмыз, таңретеңнен жұмысқа келіп, палаталарды аралап, карантиндегі пациенттермен әңгімелесемін. Тек, індеттен қорғаушы костюмді киюге және сақтану шараларын мұқият сақтауым тиіспін. Қазір пациенттерді үнемі бақылауға алып, аурудың мүмкін болатын белгілерін алашақтауымыз маңызды. — Костюмде тыныс алудың қиын екені және бетпердеден із қалатыны рас па? — Әрине, мұндай костюмдерде жүру оңай емес, бетін терлейді, бетперде қысады. Бірақ, біз дайындалдық, нұсқамадан өттік, оқу сабақтарында дағдыландық. — Пациенттердің жай-күйі қандай? — Олардың жай-күйі  жақсы, аурудың ешқандай белгілері жоқ, яғни, бұлар потенциалды түрде денсаулығы мықты адамдар. Көптеген пациент талдама нәтижесін аспан көгін күткендей ашуланады. Олармен сөйлесу, ашуын басу, кеңес беру- біздің міндетіміз, оларда сұрақ көп. Біз оларды қолдауға тырысамыз, ең бастысы олардың келуіне барлық жағдай жасалған.- Сіздің провизорлық стационарда жұмыс істеуіңіз туралы хабарды жанұяңыз қалай қабылдады? Балаларыңыз министрге хат жазбады ма? — Жоқ, жазған жоқ, менің үш қызым мұндайға үйренген. Әйелім дәрігер, мен дәрігермін, сондықтан қыздарым біздің адамдарға көмек көрсету борышымызбен жұмыста көп уақыт болатынымызды біледі. Әрине, уайымдайды ғой, бірақ бізге білдірмейді. — Қазір пандемия туралы ақпараттар өте көп, алайда, олардың барлығы дәлме-дәл емес, ол себепті, білікті мамандарды тыңдасақ. — Адамдардан ең негізгі сұрайтыным, дүрлікпей, үрейленбей, қауіпсіздік тәртібін, жеке тазалық тәртібін сақтаңыздар, мүмкіндігінше үйде бол десе, яғни үйде болу керек. Барлығы, бүкіл әлем қауіпті індетті тоқтатқысы келеді.