Біздің миссия
ҚЖШККА даму стратегиясы
ШЖҚ ҚЖШККА КМК ұйымдастырушылық құрылымы 2024 жыл
ШЖҚ ҚЖШККА КМК ұйымдастырушылық құрылымы 2023 жыл
ШЖҚ ҚЖШККА КМК ұйымдастырушылық құрылымы 2022 жыл
ШЖҚ ҚЖШККА КМК ұйымдастырушылық құрылымы 2021 жыл
ШЖҚ ҚЖШККА КМК ұйымдастырушылық құрылымы 2019 жыл
ШЖҚ ҚЖШККА КМК ұйымдастырушылық құрылымы 2018 жыл
Біздің жетістіктеріміз
Байқау кеңесі
Корпоративтік құжаттар
Кері байланыс
Аурухана туралы
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы – жоғары білікті дәрігерлер істейтін, ғасырдан астам тарихы бар, қаладағы ең ірі медициналық мекеменің бірі.
Тарихы
1896 жылы негізі қаланған аурухана алғашында Жетісу уезінің Верный қаласында (қазіргі Алматы) Қызыл Крест қоғамының ауруханасы ретінде ашылған. Ол 15 төсек-орынға есептелген болатын. Архивтік деректерге сәйкес медициналық мекеменің ашылуына губернатордың бұйрығы себеп болған. Аурухананың алғашқы бас дәрігері Санкт-Петербург әскери-медициналық академиясының түлегі Иероним Иванович Соболевский болған екен.
Сол кезде аурухана қаланың жалғыз медициналық мекемесі болды. Уақыт өте келе аурухана кеңейіп, оның құрамында хирургия, нейрохирургия, гинекология, урология және травматология бөлімдері ашылды.
Аурухананың атауы бірнеше рет өзгерген:
- 1922-1924 жж. – Жетісу облыстық денсаулық сақтау бөлімінің Алматы уезд-қалалық ауруханасы
- 1924-1927 жж. – Жетісу губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің Алматы қалалық ауруханасы
- 1927-1947 жж. – Алматы денсаулық сақтау бөлімінің қалалық ауруханасы
- 1947-1975 жж. – Алматы денсаулық сақтау бөлімінің №1 қалалық клиникалық ауруханасы
- 1975 жылдан бастап аурухана «Қалалық клиникалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы» деген атауға ие болды.
Қазіргі даму кезеңі
2006 жылы аурухананың ескі ғимараты бұзылып, оның орнына әлемдік стандарттарға сай жаңа клиникасалынды. Ол заманауи медициналық жабдықпен қамтамасыз етіліп, жоғары білікті мамандармен толықтырылды.
2011 жылы жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты.
ҚЖШККА бүгінде
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» КМК Алматы тұрғындарына және Қазақстанның басқа өңірлерінен келген науқастарғажедел және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді.
Қызмет көрсететін халық саны – Алмалы және Алатау аудандарының 486 000 тұрғыны Төсек-орын қоры – 320, соның ішінде 12 реанимациялық және 15 күндізгі стационар төсек-орны
Стационарда жылына 16 000 пациент ем алады, 62 000 адам медициналық көмекке жүгінеді, 9 000 ота жасалады.
Барлық мамандандырылған стационарлық көмек түрі және 5 бағыт бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) көрсетіледі
Негізгі бағыттар:
- Травматология және ортопедия
- Колопроктология
- Жалпы хирургия
- Урология
- Гинекология
- Нейрохирургия
- Неврология
- Терапия
- Инсульт орталығы
- Сәулелік диагностика
- Ультрадыбыстық диагностика
- Эндоскопия
- Ангиохирургия
- Физиотерапия
- Анестезиология және реанимация
Жаңа жетістіктер
2024 жылы аурухана ұлттық аккредитацияның жоғары санатын алды (№KZ23VEG00014901, 18.11.2024).
Жаңа хирургиялық әдістер енгізілді, атап айтқанда:
- Тромбоэкстракция
- Буындарды эндопротездеу
- Лапароскопиялық хирургия
- Спондилодез
- Джаннет отасы
- Рентгенэндоваскулярлық аневризма эмболизациясы
- Титан торымен интеркорпоралды спондилодез
- Тізе және жамбас буындарын ревизиялық эндопротездеу
- Үлкен және кіші буындарға артроскопия жасау
Стационарға заманауи цифрлық технологиялар енгізілді:
- Altyn PACS жүйесі – медициналық бейнені сақтау және талдау
- «Надежда» МАЖ – медициналық дерек пен бухгалтерияны біріктіру
- ALAQAN биометриялық бақылау жүйесі – қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу
- ARTA SYNERGY – электрондық құжат айналымы жүйесі
- Сәулелік диагностика бойынша ахуалдық-талдау орталығы – науқастардың зерттеуін нақты уақыт режимінде талдау және консилиум өткізу
Кадрлық құрам
Ауруханада Қазақстанның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының 15 кафедрасы жұмыс істейді:
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ)
Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті
Қазақстан-Ресей медицина университеті
ШЖҚ «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» КМК өз қызметін үнемі жетілдіріп, пациенттерге жоғары сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін үздіксіз жұмыс істейді.