Бүгінгі күні Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 18 аға медбике еңбек етеді. Оның ішінде жалғыз ер адам бар.

Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз
Бүгінгі күні Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 18 аға медбике еңбек етеді. Оның ішінде жалғыз ер адам бар. Ол біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Сәулелік диагностика бөлімшесінің аға лаборанты
Жангазиев Назымбек Нуржанович
Еңбек өтілі – 11 жыл
2008 – Республикалық медициналық колледжді ортопедиялық стоматология мамандығы бойынша бітірген
2014 – Алматыда өткен лаборанттар форумының қатысушысы
2017 – «Рентгенологиялық диагностиканың соңғы әдістері» біліктілікті арттыру курсынан,
2018 – «Радиациялық бақылау» бойынша біліктілікті арттыру курсынан,
2020 – «Радиациялық қауіпсіздік» бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
– Колледжді бітіргеннен кейін мамандығым бойынша тіс технигі ретінде жеке стоматологиялық клиникаларда істедім. Семейде әскери борышымды өтеп те үлгердім. 2012 жылы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жұмысымды Сәулелік диагностика бөлімшесінде рентген лаборант ретінде бастадым, – деп бастады әңгімесін Назымбек Жангазиев. -. Бірте-бірте компьютерлік томографияны, МРТ-ны, бөлімшеде қолданылатын барлық аппараттарды толықтай меңгердім. 2017 жылы Сәулелік диагностика бөлімшесінің аға лаборанты болып тағайындалдым.
– Қазіргі кезде қоластымда 28 орта медициналық персонал қызмет етеді. Оның ішінде 8 мейіргер бар.
– Әр жұмыстың өз қиыншылығы болады. Оларға төтеп беріп, шыдауға тырысу керек. Негізі науқас ауруханаға түскенде, диагностика бөлімшесі бірінші орында болады. Себебі науқастың диагнозын анықтау үшін тексеру кезінде біздің бөлімше маңызды рөл атқарады. Кез келген медициналық процестің сапасы негізінен сенімді және толық диагнозға байланысты ғой. Біз науқасты бірінші болып қабылдап, ауруды анықтап, бейінді дәрігерлерге соңғы диагнозды қоюға көмектесеміз. Біздің бөлімшемізде күніне орта есеппен 250 тексеру өтеді, біз науқастарға отаға дейін және отадан кейін диагноз қоюға көмектесеміз.