Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Маханов Сагит Абдижалиевич
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы №2 травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі
Еңбек өтілі – 9 жыл
Бірінші санатты травматолог-ортопед
Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі
2019 – Лиссабон, Португалия
2018 – Барселона, Испания
2018 – Измир, Түркия
2016 – Санкт-Петербург, Ресейде тағылымдамалардан өтті.
Еңбек жолын №4 қалалық клиникалық ауруханада травматолог-ортопед ретінде бастады, содан кейін Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жұмыс істеді.
2017 жылғы ақпанның 13-інен бастап Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ашылған №2 травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі.
Басында бөлімше 20 төсек-орынға ашылған болатын. Бүгінгі күні бөлімшеде 35 төсек-орын бар. Мұнда Алматы, Қазақстанның басқа аймақтарынан келген науқастарға жоспарлы, шұғыл көмек көрсетіледі.
Емдеу-диагностикалық жұмыс жоғары технологиялық медициналық қызметтерді ұсыну шеңберінде курациялық және консультациялық бағыттарда жүргізіледі. Бөлімшенің жоғары білікті медициналық қызметкерлері травматологиялық және ортопедиялық оталардың барлық түрлерін жүргізеді. Аяқ-қол, буындардың деформациясын емдеу, сынықтарды қалпына келтіру, қол мен аяқтың артроскопиясы, протездеу, үлкен буындарды эндопротездеу және т.б.
– Мен бұл мамандықты 4-курста таңдағанмын, – дейді Сагит Абдижалиевич, – Сол кезде травматолог-ортопед болып жұмыс істегім келді және өз таңдауыма өкінген емеспін. Мен өз жұмысымды, аурухананы, науқастарды, әріптестерімді жақсы көремін. Біздің командамыз мықты.
– Травматологтың жұмысында процесті нақты ұйымдастыру қажет, өйткені жарақат алған науқастар әдетте шұғыл көмекке мұқтаж, ал кейбір жарақаттар жедел араласуды қажет етеді. Сондықтан менің жұмысымда зейінділік, жауапкершілік, өзін-өзі ұстау тәрізді қасиеттер маңызды.
– Біздің бөлімшеде күніне 6 отаға дейін жасалады. Жылына орта есеппен 1000 ота жасалады. Негізінен бұл МӘМС аясында тізе буынының, жамбас буынының және иық буынының эндопротездеуі.
– Мен үшін біздің жұмыстағы ең қуанышты сәт, ол жұмысымыздың оң нәтижесін көру, емделушілердің жүздерінен ризашылық көру. Бұл дәрігер үшін маңызды, біздің қиын жұмысымызда пациентердің алғысы үлкен қанағат әкеледі, – деп сөзін аяқтады Сагит Маханов.