“Ауруханамыздың дәрігерлері” айдарында Жүнісбеков Жандос Ертайұлы

“Ауруханамыздың дәрігерлері” айдарында
Жүнісбеков Жандос Ертайұлы
Еңбек өтілі – 6 жыл
Екінші санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог
Аға ординатор
ҚЖШККА-да 2019 жылдан жұмыс істейді.
– Әкем биология пәнінің мұғалімі. Менің медицинаны таңдауыма сол кісінің қосқан үлесі зор. Әкемнің қолдауымен түскен мамандығыма өкінген емеспін.
– Интернатура мамандығын 2015 жылы жалпы хирургия мамандығы бойынша Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бітірдім. Кейін анестезиолог-реаниматолог мамандығын таңдап, Алматыда оны 2018 жылы бітірдім. Содан бері өзім таңдаған мамандық бойынша жұмыс атқарып келемін.
Мамандығымды жақсы көремін.
– Реаниматолог болу үшін, ең бірінші, терең білім, батыл, сенімді шешім, шапшаңдық және де басқа мамандарға сенімді түрде қиын жағдайдан шығара алатыныңа сендіріп, дәлелдей алуың керек.
– ҚЖШККА реанимация бөлімі дәрігерлері тату, өз мамандығын шынайы сүйіп таңдаған мамандар деп білемін.
– Күнделікті жұмыс тәртібі таңертеңгі бөлімше науқастарын қарап, толық ауру тарихын, анализ талдауынан басталып, толық тексеруден кейін, науқастарга емдік жоспар талқыланып, тағайындалады. Негізі бізде жұмыс аяқталады деген ұғым жоқ, себебі жұмысымыз ауыр науқастармен 24/7 айналысып, арпалысумен өтеді.
– Жұмыстың қиыны – өте ауыр, кейде түсініксіз келетін ауру сырқаттар, ал сол қиындықты жеңіп, емделіп шығып жатқан науқастарды көру – шынайы қуаныш сыйлайды!
– Бос уақыт бола бермейді, болған жағдайда оны футболға және бассейнге арнаймын. Салауатты өмір салтын таңдаймын.
– Болашақ анестезиолог-реаниматолог мамандығын таңдаушы дәрігерлерге, қош келдіңіздер дегім келеді.
– Сөз соңында, ҚЖШККА ұжымын келе жатқан Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Жеңісті, жемісті күндер көп болсын!