Коронавирус кезіндегі шұғыл оталар

Коронавирус кезіндегі шұғыл оталар

Коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға да жедел оталар қажет болуы мүмкін. Соқыр ішек қабынады, цистомалар жарылады және тағысын тағылар. Егер науқаста коронавирус инфекциясы расталып, ол хирургиялық отаны қажет етсе, ол хирургиялық профилі бар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады, мысалы, біздің ауруханаға.

Мұндай ота кезінде қосымша эпидемиологиялық ережелердің барлығы қатаң сақталады. Осыған байланысты әдеттегі әрекеттер сәл күрделене түседі. Өз көзілдірігіңіздің сыртынан арнайы қорғану көзілдірігін киесіз, ол булануы мүмкін. «Қызыл аймақта» оны шешіп сүрту мүмкін емес. Ал бас киім мен капюшонның кесірінен қасындағы команданы дұрыс есту қиындай түседі. Бірақ қасында сенімді көмекші, оталық медбике және анестезиолог болса, олар бәрін сөзсіз-ақ түсінеді. Ондай қолайсыздықтарға мән берілмейді. Ең бастысы – науқасты аман алып қалу.

40 жасар науқас А, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуымен, жалпы әлсіздікпен және Covid-19 ПТР оң нәтижесімен, 75%-дан жоғары өкпенің жалпы зақымдануымен түсті. Қосымша тексеруден кейін оны шұғыл түрде – киста капсуласының қабыршақтануы лапароскопиялық цистэктомия отасына алып кетті. Лапароскопиялық әдіспен жасалған ота науқастың отадан кейінгі тез қалпына келіп, сауығуына ықпал етеді.

Құрамында:
хирург – Максутов Рустам Фархатович
ассистент – Жарқынбекова Әсем Шалқарқызы
анестезиолог – Юлдашов Мамуржан Элмуратович
оталық медбике – Калашеева Захида Тоқтаржанқызы бар оталық топ бірден жұмысқа кірісті.

Ота 40 минутқа созылды және сәтті өтті.

Науқастың отадан кейінгі кезеңі еш асқынусыз өтті. Ол отадан кейін төртінші күні үйге жіберілді.