Мерекелік дастарқаннан кейін ауруханаға түспеудің жолы

Мерекелік дастарқаннан кейін ауруханаға түспеудің жолы

Республикалық электронды денсаулық орталығының мәліметінше, 2021 жылы қазақстандықтар арасында жиі кездесетін тыныс алу органдары ауруы екен. Екінші орында ас қорыту жүйесі аурулары. Соңғысын Қазақстанда жалпы ұлттық ауру деп атайды. Асқорыту жолдары ауруының ішінде көшбасшы деуге боларлық – оның түрлі бөлімдерінің қабынуы, олар жедел немесе созылмалы болып табылады: өңештің қабынуы (эзофагит), асқазан (гастрит), ұлтабар (дуоденит), бауыр (гепатит), ұйқы безі. (панкреатит), өт қабы мен түтіктері (холецистит және холангит), аш және тоқ ішек (энтерит және колит), тік ішек (проктит) деген сияқты. Олар мүшелердің шырышты қабатында, олардың моторлық қызметінде өзгерістер тудырады және асқазан мен ұлтабар ойық жарасының, өт тас ауруы, ойық жаралы колиттің пайда болуына әкеледі. Заманауи қоғамның маңызды мәселесі – адамдардың басым көпшілігінде, соның ішінде жаңа туған нәрестелерде де кездесетін ішек дисбиозы.

Алда мерекелер күтіп тұр, олардан кейін ауруханаға түспеу үшін біз Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бақтияр Бекішевтен профилактикалық ұсыныстар алуды жөн көрдік:

-Қазақстанда негізінен жедел панкреатит, өт тас ауруы, гастрит, дуоденит, асқазан мен ұлтабар ойық жара ауруы басым. Ең жағымсызы, бұл аурулар жасарып барады, бұрын негізінен егде жастағы және орта жастағы әйелдер өт тас ауруымен ауыратын болса, қазір тіпті он сегіз жасар науқастар өт ауруымен ота үстеліне жатады.
-Неге бұлай болып жатыр?
-Бұл аурулардың пайда болу себебі, ең алдымен, дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстанбау, экологияның әсері, тұқым қуалаушылық. Айта кету керек, бұл аурулар өте қоздырғыш болып табылады – фастфуд, қатты қуырылған тамақ, тұзды тамақ, ащы тамақ, алкоголь, темекі шегу – осының бәрі әсер етеді.
-Ковид бұл аурулардың өсуіне әсер етті ме?
-Практик ретінде айтарым, мұндай науқастардың статистикасы ковидке дейін де, оның кезінде де, одан кейін де әрқашан бірдей. Бірақ біз қазір постковидтық синдромды байқаймыз, пациенттер таблетка қабылдағаннан кейін туындаған ойық жаралар асқына түседі. Сондықтан, күз-көктемде хрониктерге және ковидпен ауырғандарға асқазанды қорғау және оның жұмысын жеңілдету үшін асқазан-ішек жолдарын қорғайтын емнен өткен дұрыс.
-Асқорыту жүйесінің жіті ауруларын емдеген науқастар отадан кейін де өмір салтын өзгертпей ме?
-Өкінішке қарай, қайталанатын жағдайлар болады. Алкоголь, майлы тамақ адамдар үшін маңыздырақ сияқты. Олар қуырылған, ащы тағамдарды жеуге болмайтынын біледі, бірақ сонда да әдетін тастамайды немесе олардың отбасында мұндай ауру көп болса, тексеруден өтпейді.
-Жаңа жыл мерекелерінен кейін панкреатит пен гастритпен ауыратындар көбееді. Оларға нұсқау берсеңіз.
– Мерекелерден кейін біз шынымен мұндай науқастар саны өсетінін байқаймыз. Сондықтан мен артық тамақтанбауға, ащы және қуырылған тағам мен алкогольден бас тартуға кеңес беремін, сонда мереке бұзылмайды. Диетаны ұстану соншалықты қиын емес. Әрі қалыпты да дұрыс тамақтану ауруханаға түсуден және оталық үстелге жатудан әлдеқайда жақсы екені сөзсіз емес пе?!