Жыл сайын мамырдың 12-сінде Халықаралық медбике күні атап өтіледі
Медбикелер денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең үлкен санаты болып табылады. Өйткені олар медициналық тәжірибедегі барлық қызметтің зор үлесін атқарады.
Осымен екінші жыл медбикелер өзінің кәсіби мерекесін карантин режимінде майдан шебінде атап өтіп жатыр.
Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтайды.
Бүгінгі күні ауруханамызда 340 медбике жұмыс істейді және олардың әрқайсы пациенттерге тек денсаулығын ғана емес, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі.
Аурухананың бас дәрігері Джувашев Алмаз Болатович өзінің құттықтау сөзінде медбикелердің өз істеріне деген адалдығы, пациенттерге деген мейірімділігі үшін алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке тіледі.
«Ұлт денсаулығын нығайту жолында халықтың қошеметіне бөленіп, бірлесіп еңбек ете берейік! », – деп атап өтті жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері.
Бас дәрігердің орынбасары Утаганов Бакыт Кустаевич пен кәсіподақ төрағасы Жұмабек Жәнібек Ахметұлы да медбикелерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, жылы тілектерін білдірді.
Ал аурухананың бас медбикесі Кошамбекова Алуа Нургазымовна медбикелерінің маңызды жұмысы туралы сөз етті.
Мерекеге орай адал еңбегі, кәсібіне адалдығы, жоғары кәсібилігі үшін он бес медбике медальмен, қырық үш медбике алғыс хатпен, он бір медбике кәсіподақ атынан грамотамен марапатталды.
Медбикелердің келісілген әрекеті кейде ең қиын оталардың нәтижесін анықтайды. Әрі науқастың тез қалпына келуі де олардың қолында. Медбике атаулы науқастардың азабын жеңілдетіп, қашанда көмекке келеді. Оталық, процедуралық медбикелер, зертхана, жан сақтау бөліміндегі медбике және басқа да медбикелердің жұмысы өте маңызды.