Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Травматология бөлімшесіндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акт кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті.
Президент жараланғандардың хал-жағдайын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті.
Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.