ЖШККА-дағы ми тамырларының ангиографиясы

Ми тамырларының ангиографиясы (сұрыптамалық ми ангиографиясы) – ми қан тамырларының әр түрлі патологиясын диагностикалауға арналған кіші инвазивті диагностикалық ота. Процедура катетеризация, артерия ішіне кіру арқылы орындалады.

Қазіргі заманғы ангиографиялық қондырғы көмегімен алынған жоғары сапалы егжей-тегжейлі сурет ең кіші тамырларды және олардың жағдайын зерттеуге, артериовеноздық ақаулар, церебральды аневризмалар, патологиялық тарылту мен қан ағымының бұзылуы сияқты патологияларды анықтауға және инсультты болдырмайтын хирургиялық емдеуді уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді.

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына емделушілер ми қан айналымының бұзылуы кезінде шұғыл түрде де, ангиографиялық оталар мен нейрохирургиялық және эндоваскулярлық емнің толық спектрін алу үшін жоспарлы түрде де жатқызылады.

Пациенттерді емдеу кіші инвазивті, минималды жарақат пен ми тіндеріне мұқият қарау принциптері бойынша жүзеге асырылады.

Бөлімшеде осы профильдегі науқастармен жұмыс істеген 10 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер мен мұқият медбикелер қызмет етеді.

Барлық сұрақтар бойынша бөлім меңгерушісі Ли Константин Юрьевичке +77074594018;
бірінші санатты нейрохирург-дәрігерлер Жуков Евгений Сергеевичке +7 (747) 868-43-94;
Аргумбаев Максим Болатовичқа +7 (701) 702-20-51 хабарласа аласыз.