Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз

Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Пак Виталий Игоревич
Екінші санатты дәрігер-хирург
Еңбек өтілі – 6 жыл
«COVID-19 індеті кезінде Жанқиярлық ерлік пен қайырымдылық көрсеткені үшін» төсбелгісімен, 2020
«Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2021
марапатталған.
– Мен көптеген әріптестерім сияқты дәрігер болуды бала кезімнен армандаған емеспін. Біз бұл шешімді ата-анаммен бірге, 10-сыныпта, барлық жағымды және жағымсыз жақтарын ескере отырып саналы түрде қабылдадық, – дейді Виталий Игоревич. – Біздің отбасымыздағы жалғыз дәрігер менің әжем Цой Мария Антоновна болды. Ол өмір бойы ауруханада педиатр болып жұмыс істеді, көп жыл бойы бөлімше меңгерушісі қызметін атқарды. Ол қашанда жұмыс істейтін, ал кешке қарай көршілердің балаларын қарайтын, олар оны көшеде танып, рахметін айтып, қолын беріп, әрдайым өз құрметін білдіретін, мүмкін, осы жайт менің болашақ мамандығымды таңдау кезінде «шешуші» болған шығар. Ата-анама менің ұзақ және қиын оқуым кезінде, дәрігер болып шығуымда көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдіремін. Осы күнге дейін мен өз таңдауыма ешқашан өкінген емеспін, тіпті медицинадан тыс өмірімді елестете де алмаймын.
– Дәрігер ретінде еңбек жолымды Алматы онкологиялық орталығында хирург және эндоскопист болып бастадым, бұл менің ұжымдық алғашқы тәжірибем болды.Одан кейін жеке медициналық орталықтарда бірнеше жыл жұмыс істедім.
– 2019 жылы мен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына танымал және көрнекті хирургтардың қоластына жұмысқа орналасып, олардың қамқорлығына тәнті болдым. Мұндағы командамызды өте бағалаймын – медицинада командалық жұмыс маңызды, ота жасайтын бөлмеде біз үйлесімді бір организм ретінде жұмыс істейміз, бұл жұмыста еш байланыс үзілмеуі керек. Кез келген хирургиялық ауруды емдеуге 10-нан астам адам қатысады, хирург, анестезиолог, оталық медбикелер, ал отадан кейінгі маңызды оңалту кезеңінде медбикелер пациенттерге күтім жасайды. Біз бәріміз бір командамыз.
Медицина – бұл көп уақыт пен күшті қажет ететін күрделі ғылым, білікті көмек көрсету үшін дәрігерлер әрдайым жақсы «толқында» болуы керек.
Хирургия – медицинаның жеке, күрделі саласы. Мұнда тәртіп, байсалдылық және зейін өте маңызды. Хирургия кешірімсіз.
-Денсаулық және дұрыс психологиялық жағдай да өте маңызды, – деп жалғастырады Виталий Пак. – Неге десеңіз, кейде 10-12 сағаттық оталар болады, күнделікті аусымда 5-7 ота жасалады, үзіліс кезінде су ішіп, аяқ созуға ғана уақыт болады. Мен шағымданбаймын, бұл хирургтер үшін өте керек. Хирург – бұл мамандық емес, тәжірибе негіз болатын өмір салты.
– Сөз соңында айтып өткім келгені – мен вакцинацияны таңдаймын. Өйткені бұл COVID-19 пандемиясын тоқтатудың жалғыз жолы. Менің ойымша, бүкіл әлемдегі коронавируспен күресуге қатысқан дәрігерлер менімен келіседі. Медицина қызметкері немесе пациент ретінде «қызыл аймаққа» кірген кез келген адам міндетті түрде вакцинаны алады.
Өзіңізге мұқият болыңыз, сау болыңыз!