Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.
Биыл бұл мереке маусымның 20-сына келіп отыр.
Медицина – ардақты да құрметті мамандықтың бірі, ал медицина қызметкерлері –
асқан шеберлік иелері.
Денсаулық әрбір адам үшін баға жетпес зор байлық болса, медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы.
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.
Осымен екінші жыл бүкіл әлемде коронавирус пандемиясы орын алып отыр. Әлі де алдыңғы қатарда жүрген бүгінгі күннің батырлары – ақ халатты абзал жандар талмай еңбек етіп келеді.
Мерекені сөз етіп, абзал жандарға алғыс білдіреміз!
Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз.
Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.
Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын барша дәрігерлерімізді келе жатқан кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге ең бастысы зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мол бақыт, ашық аспан, еңбекте табыс, төзімділік, күш-қайрат пен сәттілік тілейміз!