Құрметті әріптестер!
Бүгін, алғыс айту күні, сіздерге адал да қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Бірлескен жұмысымыздың арқасында біз коронавирус пандемиясына қарсы төтеп бере алдық. Бірге көп нәрсені бастан өткердік, қауіпті індет кезінде үй көрмей, бел жазбай еңбек еттік. Өздеріңіз туралы ұмытып, адам денсаулығы мен өмірі үшін күн-түн демей бар күш-жігеріңізді салып еңбек етесіздер. Ортақ іс үшін жаныңызды салып, күн сайын адам денсаулығын құтқарып қалу үшін күресесіздер. Күнделікті баға жетпес қажырлы еңбегіңіз бен жауапкершілігіңіз үшін көп рахмет!
Сондай-ақ, бізге көрсеткен қолдауы үшін қала басшылығы және қоғамдық денсаулық басқармасына алғысымды білдіргім келеді. Біздің өтініштеріміз бен қажеттіліктерімізді, бізді мазалайтын мәселелерді жедел шешудегі еңбегіңіз үшін рақмет.
Ізгі ниетпен, Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев
Алматы қаласының әкімдігі
Управление общественного здоровья г.Алматы