Көктемнің бірінші күнімен тұспа-тұс келетін алғыс айту күні Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылған күніне орай 2016 жылдан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы сәуірде Ассамблеяның 22-сессиясында ұсынған бастауымен осымен 6-рет аталып келеді.
Бұл күні Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау шақта құшақ жая қарсы алған кең пейілді қазақ халқына алғыс айтады. Тарихқа көз салсақ, XX ғасырдың басында елімізге Беларусь, Ресей және Украинадан 1 миллионнан аса адам қоныс аударған, ұжымдастыру кезеңінде 250 мың шаруа жер аударылды.
Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам диаспора өкілдері ауызбіршілікте ғұмыр кешіп жатыр.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін!
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы