Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз Әлімжанов Асқар Қасымханұлы

Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз

Әлімжанов Асқар Қасымханұлы

Жоғары санатты хирург
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы хирургиялық инфекциялар бөлімшесінің ординаторы

Марапаттары:
1) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2009)
2) «Гиппократ ордені» (2013)
3) «Алтын Дәрігер» (2016)
4) «COVID-19 індеті кезінде жанқиярлық ерлік пен қайырымдылық көрсеткені үшін» (2020)

ХХІ ғасырдың ғаламдық кеселі есірткіге тәуелді науқастардың шынайы әңгімелері мен олардың жақындарының бар сырын ашуы негізінде жазылған «Ужас наркомании» (Нашақорлықтың сұмдығы) кітабының бірлескен авторы (2006).
Кітапта Асқар Қасымханұлы өзінің пациенттері туралы жазды. Яғни, кітаптың кейіпкерлері – оның бөлімшесіндегі пациенттерден жинақталған. Кітаптағы фотосуреттердің авторы да Асқар Әлімжановтың өзі. Кітап шыққаннан кейін ол автор ретінде мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында дәрістер оқыды.

– Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына алғаш рет 1985 жылы мейіргерлік тәжірибемен келдім. Хирургиялық инфекциялар бөлімшесінде мейіргер болдым, – деп еске алады Асқар Қасымханұлы, – Бөлімше меңгерушісі сол кезде аты аңызға айналған Сани Зайдула Юсупоглы, Иран елінің азаматы, одақтас ретінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1986 жылы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының хирургия бөлімшесінде медициналық тәжірибеден өттім. Ол кезде бөлімше меңгерушісі керемет адам, дәрігер хирург Михаил Сергеевич Образцов болды. 36 жыл өтті. «Шалоподобный болдым» деп айтуды жақсы көретін, менің сүйікті ұстазым, тәлімгерім профессор
Т.К.Кукеев, ол да ардагер ғой. Мұнда көп нәрсе өтті, қиындықтар мен сынақтар болды, жеңістерге де жеттік. Мұның бәрі кеше ғана болғандай.

– Мен АММИ-ді бітірген 1989 жылдан бастап санасақ, медицинадағы жалпы еңбек өтілім 30 жылдан асады, дәлірек айтсақ, 32 жыл, – деп жалғастырады Асқар Әлімжанов, – Профессор Э.А.Апсатаровтың жетекшілігімен Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы хирургиялық инфекциялар бөлімшесінің негізінде ауруханалық хирургия кафедрасында 2 жылдық клиникалық ординатурадан өттім. Медицинада санитардан бастап, бөлімше меңгерушісіне дейін жеттім. Хирург ретінде тоғыз мыңнан астам түрлі ота жасадым. Егер бұрын бұл іш қуысына және басқа оталар болса, соңғы 10 жыл ішінде диабеттік аяқ, дәлірек айтсақ, аяқты сақтап қалу отасы. Негізгі міндет – науқасты жоғары ампутациядан (тізеден жоғары ампутациядан) құтқару. Біз аяқты тірек ретінде сақтап қалуға тырысамыз, адам жүре алуы үшін әр саусақ, аяқтың әр сантиметрі үшін күресеміз.

– Хирург болып жұмыс істегеніме сонша жыл болса да, мен әр ота алдында уайымдап, мазасызданамын. Бірақ ота басталған бойда толқу мен қорқыныш жоғалады. Менің жұмысым мені қанағаттану сезіміне баурап, көмектесе алатынымды түсінуге мүмкіндік береді. Пациенттің сіз сақтап қалған аяғымен жүргенін көруге не жетсін! Мұның бәрі шаршағаныңыз бен емдеу барысында кездескен келеңсіздіктерді ақтайды әрі эмоционалды, рухани қанағат пен одан әрі жұмыс істеуге деген ұмтылыс береді, – деп атап өтті Асқар Қасымханұлы.

Қант диабетінің ең қауіпті асқынуының бірі – диабеттік аяқ синдромы, онда гангрена басталып, адамның өмірін сақтау үшін аяқты ампутациялау орын алады. Асқар Қасымханұлы және оның әйелі Марина Анатольевна өздерінің ұстаздары профессорлар Е.А.Апсатаров пен Т.К.Кукеевтің мектебін жалғастыра отырып, үмітсіз диабеттік аяқты емдей алатын аз дәрігерлердің бірі.
Диабеттік аяқ ауруы бар науқастар өмірінің соңына дейін бақылауда болады. Бөлімше ұжымы үшін олар жақын адамдарға айналады.

– Біз пациенттерімізді тағдырдың еркіне қалдырмаймыз. Жарты жыл сайын олар бізде профилактикадан өтіп тұрады, – деп қосты Асқар Әлімжанов.

1966 жылы ашылған Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы хирургиялық инфекциялар бөлімшесіне биыл 55 жыл. Мұнда Қазақстанның көптеген жетекші мамандары оқып, тәжірибеден өтті.