Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Ли Константин Юрьевич – бірінші санатты нейрохирург
ЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі
Еңбек өтілі – 9 жыл
– Асфендияров атындағы Медициналық университетті бітіргеннен кейін, менің еңбек жолым №7 қалалық клиникалық ауруханасында басталды. Алдымен қабылдау бөлімінде бас сүйегі және жұлын жарақаттары бойынша нейрохирург ретінде, содан кейін нейроонкология бөлімшесінде жұмыс істедім. Ми ісіктері, орталық жүйке жүйесінің даму ақауларымен айналысып, жедел қызметте кезекшілік алып тұрдым. Маған 8 жыл басшылық еткен Ермек Кавтаевич Дюсембековке кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін.
ЖШККА-да бөлімше меңгерушісі ретінде жұмыс істегеніме үш айдан асты. Бұл менің өмірімдегі жаңа кезең әрі зор жауапкершілік.
Бізде айқын ақыл-ой және парасатты пайым болуы керек деп санаймын. Иә, кейде кішкене абыржушылық та болады. Біздің жұмысымызда мұндай кездеседі. Бірақ осындай сәттерде ұжымдық ақыл мен команда көмекке келеді. Сондықтан команданың маңызы зор.