Қала қауымы Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып корпоративтерде көңілденіп билеп жүргенде, ЖШККА дәрігерлері адамдарды өлім аузынан құтқарып жатыр. Демалыс күндері және мерекелер бізде болмайды. Міне, бүгін бас дәрігердің орынбасары Оңласын Ибикенов журналисттерге Алматы жаймабазары ауданында өлімге әкелген жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің жай-күйі туралы баяндады.
Шұғыл көмек көрсету ауруханасына төрт жігіт келіп түскен, барлығы 20 жаста. Бір пациентте оң жақ тізе тобығының ығысуымен жарықшақтанған сынығы, соғылған жара. Екіншіде сол жақ сирағының ығысуымен екі сүйектерінің жабық түрдегі сынығы, үшінші жігіт: көкбауыры үзілгеннен қансырау шогы диагнозымен реанимацияда жатыр. Төртінші жігіт тексерілгеннен соң амбулаторлық емделуге жіберілді. Зардап шеккен жігіттердің бірінің реанимацияда жатқанына қарамастан, дәрігерлер олардың сауығып кету туралы позитивті болжам жасауда.