Алматыға жұмыс сапарымен танымал британдық ортопед-хирург, профессор Джон Конрой келеді.
2026 жылғы мамырдың 11-інде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында профессор Джон Конройдың қатысуымен «MAKO роботтандырылған жүйесін қолдана отырып, тізе және жамбас буындарын эндопротездеу (толық және жартылай алмастыру)» тақырыбында халықаралық шеберлік сабағы өтеді.
Профессор Джон Конрой – жамбас және тізе буындары хирургиясы саласында халықаралық деңгейде танылған маман, робот-ассистентті хирургия бағытындағы жетекші сарапшының бірі.
Аталған шеберлік сабағы еліміздегі ортопедия саласы үшін маңызды кәсіби алаң болмақ.

