Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Бұл күн – ерлік пен өрліктің, батырлық пен жанқиярлықтың символына айналған қастерлі мереке. Біз бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін жанын қиған батырлар алдында әрдайым тағзым етеміз. Ардагерлеріміздің ерен еңбегі мен өшпес ерлігі – кейінгі ұрпаққа қашанда үлгі.
Медицина қызметкерлері ретінде адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолындағы бейбіт еңбектің қадірін терең түсінеміз. Сондықтан бейбітшілік пен амандықтың бағасы біз үшін ерекше.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа денсаулық, бақ-береке тілейміз. Көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!
Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы
